Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz – Samsung компаниясы жасанды интелектті Saram роботын жасап біткенін мәлімдеді. Ол ауыр жүктерді көтеруді қажет ететін кәсіпорындарда қолданылады, деп мәлімдеді Business Korea басылымы.
Saram кәріс тілінен «адам» деп аударылады. Ал Saram роботы - адамға ұқсайтын жасанды интеллектпен жабдықталған робот. Оны зауыттарда ауыр заттарды көтеру немесе көшіру сияқты жұмыстарға қолданылады деп күтіледі.
Saram – Samsung роботтарының бастамасы ғана. Себебі компания өндіріс және үй шаруашылығындағы роботтар нарығына кіруге нақты шешім қабылдады.
Samsung зауыттарға арналған өндірістік роботтар жасаумен белсенді айналысып келеді. Компанияның жоспарынша, болашақта Saram үй шаруашылығы мен медицинада қолданылу үшін функционалдарын одан әрі кеңейтетін болады. Samsung «Saram» атты тауар белгісін тіркеді. Бірақ компания өкілдерінің айтуынша, коммерциялау туралы айтуға әлі ерте.
Соңғы уақытта жасанды интеллектпен роботты жабдықтап, оны жетілдіру трендке айналды. Күні кеше ғана америкалық Boston Dynamics компаниясының ит роботтары есікті ашып қана қоймай, адам әрекетіне қарсы тұруды да үйренген еді.
Boston Dynamics роботтарына адам әрекетіне қарсы тұруды үйретті
Қания Табыс
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024