Оңтүстік Кореялық Samsung корпорациясы LoopPay компаниясын сатып алды. Аталмыш компанияның технологиясы смартфонға банк картасының орнын жоқтатпайды, деп хабарлайды РБК.
Келісім туралы хабарды LoopPay растады. Компанияның сайтында көрсетілгендей, LoopPay алдағы уақытта корейлік компанияның құрамында тәуелсіз бөлім болып жұмысын жалғастырады. Десе де келісім бағасы жұмбақ күйінде сақталып отыр.
Samsung мобильдік бизнесінің басшысы Джей Кей Шиннің айтуынша, компанияның басты мақсаты - интеллектуалды, қауіпсіз және мобильдік төлем жүйелеріне ыңғайластырылған өнім шығару. Және осы жолда LoopPay компаниясы көмекке келіп, мақсатқа жетуге бір табан жақындастырады.
Samsung-тың мобильді төлем технологиясын сатып алуына "Apple" корпорациясының NFC сымсыз технологиясына негізделген Apple Pay төлем жүйесін шығаруы негіз болған секілді. Apple Pay арқылы төлем жасау үшін сатушыларға арнайы төлем терминалдары керек. Ал ол болса, оңай шаруа емес.
Apple-ға қарағанда, LoopPay технологиялары ескі төлем терминалдары арқылы жұмыс жасай береді. Олар пластик карталарда магнитті таспалар арқылы төлем жасалынады. Бірақ, ол үшін арнайы құрылғы сатып алу міндетті (телефонға арналған қап немесе брелок). Төлем жасайтын кезде смартфонда LoopPay қосымшасын іске қосып, брелок не қап тағылған смартфонды терминалға тигізесіз. Компанияның мәліметі бойынша, аталған технология төлем терминалдарының 90%-да жұмыс жасауға қабілетті.
Естеріңізге сала кетсек, Samsung өзінің дәстүрлі смартфоны Galaxy S6 таныстырылымын 1 наурыз күні Барселонада өткізетін болады. Кей деректер бойынша, сол іс-шарада Samsung төлем жүйесі де жұрт назарына ұсынылуы мүмкін. Жаңа төлем жүйесі LoopPay технологиясымен жабдықталып, сол арқылы тұтынушыларын қосымша гаджеттер сатып алу қажеттілігінен құтқарады деп күтілуде.
Ақпарат көзі: newsru.com
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024