Samsung компаниясы 2019 жылы қытайлық Хойчжоудағы смартфон шығаратын соңғы зауытын жапты.
Негізгі себептің бірі - кореялық алпауыттың өнімдері Қытайда сұранысқа ие болмаған. Қытай халқы негізінен жергілікті арзан өнімдер мен Apple мен Huawei-дің қымбат смартфондарын тұтынады. Samsung жылдар бойы қытайлық нарықтың 17% иеленіп келсе, соңғы жылдары үлес 1% ғана болып қалған.
Хойчжоудағы зауыт 1992 жылы ашылып, 2006 жылы смартфон шығара бастаған. 2017 жылғы мәлімет бойынша зауытта 6 мыңнан астам жұмыс істеген. 2018 жылы Samsung Қытайда бір ғана зауытын қалдырып, қалғанын жапқан еді. Енді смартфон шығарушының Үндістан, Вьетнам елдеріндегі зауыттары жанданбақ.
Айта кетейік, Samsung зауытын жапқан алғашқы компания емес. 2018 жылдан бастап әлемдік деңгейдегі ірі компаниялар зауытын көшіретінін мәлімдеді.
Бұған себеп - Қытай мен АҚШ арасындағы экономикалық теке-тірес, "сауда соғысы". Олардың қатарында Google, Apple, Nintendo, Microsoft, Google, Amazon, Sony, Dell, Lenovo Group, Acer пен Asustek Computer бар.
Google Pixel смартфондарының өндірісін Қытайдан Вьетнамға көшіруге дайын екенін мәлімдеді. Compal Electronics пен LG Electronics "сауда соғысы" тұтанса көшуге дайындығын білдірді.
Ал азиялық, негізінен кореялық, жапониялық компаниялар жағдайдың ушығуын күтпей зауыттарын жауып, басқа мемлекеттерге көше бастады. 2018 жылы АҚШ-тың Қытай тауарларына алымды көбейту мәселесін қарастырып жатқан тұста оңтүстіккореялық SK Hynix пен жапонның Mitsubishi Electric, Toshiba Machine Co. мен Komatsu зауыттарын Жапония, Корея, Тайланд, Тайвань, Вьетнам, Филиппинге көшіруге кірісті. Ал дата орталықтарды шығарушы Quanta Computer, Foxconn Technology мен Inventec қытайдағы зауыттарын жауып, Мексика мен Чехиядан зауыт ашты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024