Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz - Сеулдің Орталық аймақтық соты Samsung Electronics Co. Вице-президенті және басшысы Ли Джэёнді жемқорлық, қаражат жымқыру, жалған ақпарат беру баптары бойынша айыпты деп тауып, бес жылға соттады. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
Прокуратура айыпталушының бұрынғы президент Пак Кын Хе-нің айналасындағы жемқорлық дауына қатысы барын айтып, 12 жыл мерзім сұраған. Алайда түпкілікті жаза ретінде 5 жылмен шектелді.
«Жүз жылдық сот» деп аталған Samsung басшысына қарсы сот бес айға созылды. Басты айып – экс-президент Пак Кын Хе-нің құрбысы Чхве Сун Силь бақылайтын төрт ұйымға $39 млн пара бергені.
Тергеу деректеріне сәйкес Ли Джэён пара беру арқылы мемлекет басшыларының қамқорлығына ие болуды көздеген.
Алайда Samsung басшысы бұл айыпты жоққа шығарды. Ол өзінің Чхве Сун Сильмен таныс болмағанын айтқан. Оның адвокаттары ірі көлемдегі қаражатың президент құрбысының ұйымдарына аударғаны туралы ақпаратты жоққа шығармады. Алайда бұған қарсылықтарын да білдіруде.
Айта кетейік, Пак Кын Хе биылғы наурыз айында отставкаға кетіп, құрбысы екеуі қамауға алынған. Бұл іске қатыстыларды анықтау барысында Samsung басшысы да күдікті ретінде тұтқындалды. Ел прокуратурасы сонымен қатар ірі компанияның төрт топ- менеджерінің де бұл іске қатысы барын айтуда.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша бұл істің Samsung Electronics өнімдерінің сатылымна әсер етуде. Сот шешімі шыққанан кейін сатылым көлемі 0,2%-дан 1,5%-ға дейін төмендегені байқалған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024