"Samsung" компаниясының президенті Джей Кей Шин жексенбі күні Барселонада өткен презентация барысында жаңа Galaxy 6 смартфонының жасалғандығы туралы жария етті.
Galaxy 6-да техниканың соңғы жаңалықтары ендірілген: сымсыз зарядтау, байланыссыз төлемдердің дербес жүйесі, HDR форматындағы, сондай-ақ жарығы нашар жердегі түсірілім.
Galaxy 6 премьерасы бір жылдан артық уақыт дайындалды. Бұл кәріс өндірушісінің бәсекелестермен, бірінші кезекте Apple компаниясымен арасындағы күресте "басты қаруы" болуы тиіс еді. Таныстыру кезінде Apple-ге қарсы айқын қарсы тұрушылық байқалды. "Телефон 100% қуатын iPhone 6-ға қарағанда екі есе тезірек жинайды", - деп мәлімдеді кәріс компаниясының өкілдері. Сонымен қатар 10 минуттік заряд 4 сағат жұмысқа жететіндігі айтылды.
Бұл үлгінің басты жаңалығы корпустың шыңдалған шыныдан соғылғандығы болып отыр. Самсунгтің пластикті кеңінен қолдануы көптеген пайдаланушыларға ұнамайтын. Компания өкілдері смарфон онша қалың болмаса да, майыспайтындығын тілге тиек етті.
Жаңа Samsung өнімің сатылымы 2015 жылдың 10 сәуірінен бастап әлемнің 20 елінде басталады деп жопсарланып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024