Алматы. 26 тамыз. 7kun.kz – 2019 жылдың І жартыжылдығында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның таза табысы 2,175 млрд теңгені құрады, - деп хабарлайды Интерфакс.
Компанияның аудиттелмеген қаржылық есебінде компанияның таза табысы 2018 жылдың І жартыжылдығында 8,933 млрд теңгені құрады. Осылайша, көрсеткіш 4,1 есеге төмендеді.
Есепті кезеңде жалпы пайда екі есе, 19,708 млрд теңгеге дейін, түсім – 17%-ға, 109,545 млрд теңгеге дейін, салық салғанға дейінгі пайда – 2,8 есе, 4,797 млрд теңгеге дейін қысқарды.
Жыл басынан бері компания активтері 2%-ға, 969,925 млрд теңгеге дейін, міндеттемелер – 3,9%-ға, 489,802 млрд теңгеге дейін қысқарды. Меншікті капитал 0,02%-ға, 480,123 млрд теңгеге дейін ұлғайды, жарғылық капитал өзгерген жоқ және 373,314 млрд теңгені құрады.
«Самұрық-Энерго» АҚ 2007 жылы құрылған, «Самұрық-Қазына» мемлекеттік әл-ауқат қоры құрылымына кіреді. «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына «Өскемен ГЭС» АҚ, «Шардара ГЭС» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Алма-Ата электр станциялары» АҚ, «Екібастұз ЖЭО-1» ЖШС және «Балқаш ЖЭС» АҚ (50% -1 акция), «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ (50%), «Богатырь-Көмір» ЖШС (50%) кіреді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024