«Самұрық Энерго» мен QazaqGaz-дың тәуелсіз директоры Рүстем Садықов «Алматы марафонда» қайтыс болды
Алматы. 26 қыркүйек. 7kun.kz - 10 шақырым жүгірген 47 жастағы Рүстем Садықов мәре сызығын кесіп өткеннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бірден көмек көрсеттік. Алғашқы көмекті Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілері көрсете бастады, әрі қарай жүрек-өкпе реанимациясы қалалық жедел жәрдем станциясының қызметкерлерімен бірге жүргізілді. Бастапқыда жүрек жұмысы қалпына келтірілген, синус ырғағы пайда болды, 2 минуттан кейін жүрек ұстамасы қайта басталды. Реанимациялық шаралар 30 минутқа созылды, оның ішінде соңғы 10 минут жедел жәрдемде жүргізілді. 10:15-те өлімді тіркедік. Ресми себебін сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін ғана атауға болады», дейді жарыстың бас дәрігері, Оразбек Сахов.
Марқұмның жақындарының айтуынша, ол марафонға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Бұған дейін сәуір айында Алматы жартылай марафонында, 2021 жылы Алматы марафонында 10 шақырым қашықтықта жүгірген.
Жарысты ұйымдастырушылар марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ұжымы да марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтты.
«Рүстем Ғалымұлы табысты мансап жолынан өтті, жоғары білімді тамаша маман болды, халықаралық компанияларда тәжірибесі бар. Ол әріптестерінің есінде сенімді басшы және өз ісіне адал қызметкер ретінде мәңгі сақталады. Оны бәріміз қатты сағынатын боламыз», деп жазылған көңіл айту жеделхатында.
Рүстем Садықов «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен 2022 жылғы 27 мамырда «Самұрық Энерго» АҚ Тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Ол сонымен қатар Аудит комитетінің Төрағасы, тағайындау және сыйақы Комитетінің мүшесі, Стартегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024