Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 2020 жылға дейін транформациялау бағдарламасының аясында өз шығындарын 1,4 триллион теңгеге қысқартады. Бұл туралы қаржы және операциялар жөніндегі атқарушы директоры, басқарма мүшесі Елена Бахмутова айтты деп жазады ҚР премьер-министрінің ресми сайты.
«Келешекте трансформациялау бағдарласы біздің есебіміз бойынша, 2020 жылға дейінгі кезеңде 1,4 триллион теңге пайда табуға септігін тигізеді», - дейді Елена Бахмутова. 2014 жылдың қазанынан бастап ұлттық әл-ауқат қоры сатып алу, шығындарды қысқарту, бірлескен қазынашылық секілді үш бастама арқылы 300 миллиард теңге үнемдеген. Басқарма мүшесі үшжылдық бағдарлама аясында – 126 миллиард теңге, ал ұжымдық қазынашылық аясында 70 миллиард теңге үнемдегенін айтып өтті. «Сатып алуды оңтайландыруға қатысты, қазір бұл жоба дамып жатыр, бірақ электронды алаңда электронды сауда жасау үшін іске асырылған шаралар біраз өзгертулерді қажет етіп тұрған еді. Енді бұл үш бастама 2020 жылға дейін біраз пайда алып келеді деп сенеміз», - дейді атқарушы директор.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024