Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz — Қанат Алпысбаев "Самұрық-Қазына" АҚ-ның Көлік және логистика жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.
Осыған дейін Алпыспаев "ҰК "Қазақстан Темір Жолы" АҚ-ның басқарма төрағасы қызметін атқарған.
Қанат Алпысбаев 1972 жылы 31 наурызда Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, Кентукки университетін (АҚШ), Мәскеу Халықаралық Жоғары бизнес мектебін бітірген.
2002-2003 жылдары "Эйр Астана" ЖАҚ-ның қаржы және басқару жөніндегі директоры, қаржы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті болды.
2005-2008 жылдары "Дженерал Электрик" корпорациясы филиалының бизнесті дамыту жөніндегі директоры болып жұмыс істеді.
2008-2012 жылдар аралығында "ҚТЖ "ҰК"АҚ Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті қызметін атқарды
2013 -2014 жылдары "ҚТЖ "ҰК" АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді.
2014-2016 жылдары "ҚТЖ "ҰК"АҚ вице-президенті болды.
2016 жылдың 29 сәуірінен бастап-"ҚТЖ "ҰК" АҚ операциялық қызметті үйлестіру жөніндегі вице-президенті, ал қыркүйекте Алпысбаев "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ президенті болып тағайындалды
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024