Нұр-Сұлтан.19 шілде. 7kun.kz – «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Алмасадам Сатқалиев жекешелендіру барысындағы маңызды процесс ретінде Қордың экономикадағы үлесін азайту қажеттігін айтты.
«Алдымызда ҚМГ-ны жыл соңына дейін IPO-ға шығару міндеті тұр. ҚМГ-ны IPO-ға жергілікті AIX және KASE қор биржаларында халықаралық инвесторларға да қолжетімді етіп шығару жоспарлануда.
Жалпы, еншілес компанияларды IPO-ға шығару күніне қарамастан, олардың әрқайсысына акционерлермен келісілген мерзімде корпоративтік басқару мен есептілік тұрғысынан листингілік талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өткім келеді. Орналастыруға дайын болу қажет. Нақты жоспар болуы керек. Cату алдындағы барлық дайындық шарасы мен жауапты басшылары көрсетілген жол карталарын белгіленген тәртіпте бекітуге тапсырма беремін», - деді Алмасадам Сатқалиев.
Қор басшысы жол карталарының орындалуы жүйелі түрде тексерілетінін жеткізді.
«Самұрық-Қазына» АҚ реформаларының екінші пакетін жүзеге асыруды бастады. Негізгі мақсат — Қор жұмысының барлық саласына ESG принциптерін енгізу. Бүгін осы және өзге де ауқымды мәселелер үлкен жиында талқыланды. Жаңа Стратегияға 20 бастама енді. Олардың қатарында жаңа стратегияның адами капиталды дамыту сияқты маңызды бөлігі бар.
Оның шеңберінде бірте-бірте шетелдік мамандарды қазақстандық қызметкерлермен ауыстырылады. Әр еншілес компания жыл соңына дейін шетелдіктерді жергілікті мамандармен ауыстыру бойынша жоспар қабылдайды.
«Самұрық Энерго» «Кегок» пен «Қазпошта» компанияларының басшылығына әкімшілік-басқару мамандарының арасында президенттің жастар кадрлық резервінің өкілдері жоқ екенін айтып, назар аударттым. Жиналыста сөз сөйлеп, жұмысқа тұрушыларға қатысты талаптарды қатаңдату туралы айттым. Әсіресе сатып алу саласына қатысты. Жыл басынан бері осы салада қызмет ететіндердің СЕО -1, СЕО -2 деңгейіндегі 55 маман жұмысынан айырылды. Атқарған жұмысы бедел мен жемқорлық тәуекелімен байланыстылардың барлығымен қоштасамыз. Қордың ұжымдық әлеуметтік жауапкершілігі де менің жұмыс шеңберіме тікелей қатысты», – деді Алмасадам Сатқалиев.
Қазір қор 39 қайырымдылық жоба іске асырып жатыр. Жалпы құны 3,8 млрд болатын 13 жоба мақұлданды. Олар 400 мыңнан астам адамды қамтымақ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024