Экономика
"Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінде өзгерістер болды
"Самұрық-Қазына" АҚ-ның Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері президент көмекшісі Әлихан Смайылов және Дэкампа Оливье Эдуард Эммануэль болды. Бұл туралы KASE қор биржасы хабарлады.
Осыған дейін бұл қызметте Ербол Орынбаев пен Найджел Стейплтон болған еді.
Әлихан Смайылов 1972 жылы туылған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын тамамдап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған. Сонымен қатар түрлі жылдары «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы,ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, ҚР статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары,ҚР Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, бөлімнің экономикалық секторының меңгерушісі, мемлекеттік инспекторы, ҚР статиститка агенттігінің төрағасы, ҚР сыртқы істер вице-министрі, ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті және Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып қызмет атқарды.
Ербол Орынбаев 1971 жылы туылған. 1992 жылдан - «Ақ Бастау банкі» ААҚ коммерциялық бөлімінің маманы болды. 1993 жылдан - Мәскеулік «Фьючер» акционерлік коммерциялық банкі басқармасы төрағасының орынбасары. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факултетін бітірген (1995). Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікте, Президент әкімшілігінде, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте қызмет атқарды. Дүниежүзілік банктің Вашингтондағы консультанты болып істеді. Сондай-ақ, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің вице-министрі, Маркетинг талдау, зерттеулер, орталығы басқармасының төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, Әлеуметтік - экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі, ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Президентінің көмекшісі қызметін атқарды.
Фото:profi-forex.org