Алматы. 3 қазан. 7kun.kz — "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры 2019 жылы республикалық бюджетке дивидендтер ретінде 50 млрд теңге бағыттайды. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов хабарлады.
Бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Руслан Дәленов 2019 жылғы республикалық бюджет жобасын нақтылау барысында салықтық емес түсімдер 50 млрд теңгеге (66 млрд теңгеге дейін) және нақты түсімдер 33 млрд теңгеге ұлғаю есебінен 83 млрд теңгеге өскенін хабарлаған.
Сондай-ақ, Шолпанқұлов қандай компаниядан 50 млрд теңге көлемінде дивидендтер алынатынын атап өтті - Самұрық – Қазына" мемлекеттік қорынан.
Айта кетейік, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ 2008 жылы құрылды. Қордың басқаруында республиканың ірі стратегиялық компаниялары бар, олардың ішінде "Қазақтелеком", "Қазатомөнеркәсіп", "ҚазМұнайГаз", "Қазпочта" және тағы басқалары.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024