"Самұрық-Қазына" Қазақтелекомның SPO-сын қандай жағдайда өткізетіні белгілі болды
Алматы. 1 қазан. 7kun.kz - "Самұрық-Қазына" АҚ "Қазақтелекомның" SPO-сын өткізуге дайын, бірақ нарықта қолайлы жағдай күтіп тұр, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарушы директоры, активтерді басқару дирекциясының жетекшісі Алмасадам Сәтқалиев.
"Қазақтелеком" бойынша біз белсенді жұмыс жүргізудеміз, яғни бізде осы акцияларды орналастыруға дайындық деңгейі жоғары. Біз ағымдағы жылдың үшінші тоқсанының нәтижелерін және "Теле2" және "Кселл" сатып алу бойынша ірі мәмілелердің белгілі бір синергетикалық әсерін күтеміз. Бізде аралық қаржылық нәтижелер бар", – деді ол Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, барлығы нарықтық жағдайға, оның ішінде "Қазақтелеком" қарапайым акцияларының ағымдағы құнына байланысты болады.
"Нарықтық құн, нарықтық конъюнктура айқындаушы фактор болады, яғни "Қазақтелеком" листингтік компания болып табылады. Қазіргі уақытта ол біз күтетін деңгейден төмен сатылуда және орналастыру бойынша шешім қабылдау кезінде осы факторлардың барлығын назарға алатын боламыз. Біз биыл орналастыруға және нарықтың тиісті конъюнктурасы мен компанияның қаржылық нәтижелері кезінде осы орналастыруды жүзеге асыруға дайынбыз", – деді Сәтқалиев.
Бұған дейін компанияға тиесілі "Қазақтелеком" АҚ акцияларының 10%-ға жуығы SPO шеңберінде ағымдағы жылдың екінші тоқсанында іске асыру мүмкіндігі туралы хабарланған. Нәтижесінде "Самұрық-Қазына" үлесі ағымдағы 52,03%-дан (2019 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан қор биржасының деректері бойынша) шамамен 40%-ға дейін төмендейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024