2021 жылдың нәтижелері пандемияға дейінгі 2019 жылдан асып түсті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Алдын-ала деректер бойынша, 2021 жылы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының кірісі 11,7 трлн теңгені құрады, бұл жоспарланған межеден 2,4 трлн теңгеге көп. Таза пайда 1,6 трлн теңге, бұл 2021 жылға арналған бекітілген жоспардан және 2020 жылдың нәтижелерінен үш есеге жуық жоғары.
Өндірістік көрсеткіштер
Карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне және елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруынан, 2021 жылы әуе және теміржол көлігі саласында жолаушылар тасымалы сәйкесінше 74%-ға және 49%-ға өсті.
Қытай-Еуропа, Қиыр Шығыс-Орталық Азия және Қытай-Кавказ/Түркия бағыттарында контейнерлік транзит көлемі артты, осыған байланысты контейнерлік тасымалдар 22%-ға өсті.
Сонымен қатар, ішкі нарықта электр энергиясын тұтынудың өсуі электр энергиясын өндіру мен тасымалдау көлемінің сәйкесінше 13% және 18%-ға артуына ықпал етті.
Дивидендтер мен төлемдер
2021 жылы Қор республикалық бюджетке 88,3 млрд теңге дивиденд төледі. Өткен жылдың оң нәтижелерін ескере отырып, биыл «Самұрық-Қазына» мемлекетке 170 млрд теңге дивиденд төлеуді жоспарлап отыр.
Өткен жылы Қордың портфельдік компаниялары республикалық бюджетке салық түрінде 1,2 трлн теңгеге жуық қаражат аударды, бұл республикалық бюджетке түсетін жылдық түсімдердің 10% құрайды.
Қор компанияларының атынан әрекет ететін «SK-Trust» корпоративтік қоры өткен жылы жалпы сомасы 7,1 млрд теңгеге 32 жобаны жүзеге асырды. Бүгінде «Самұрық-Қазына» Нұр-Сұлтан мен Алматыда екі көпфункционалды аурухананың құрылысын қаржыландыруды жалғастыруда.
Қаржылық тұрақтылық
Қор Компаниялар тобына борыштық жүктемені азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 2017 жылдан бері Қордың жалпы қарызы 21,5%-ға, яғни 29,7 млрд доллардан 23,3 млрд долларға дейін төмендеді.
2021 жылы Standard&Poors рейтинг агенттігі Самұрық-Қазына» қорының ұзақ және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін ВВВ дәрежесіне көтерді. Moody's шетелдік валютадағы ұзақ және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін “Baa2” деңгейінде растады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024