Астана. 15 қазан. 7kun.kz – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев өзінің және қоластындағы қызметкерлерінің жалақысын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қорда қызмет ететін қызметкерлердің ішінде ең төменгі жалақы 250 мың теңге, орта буындағы қызметкерлердің айлық жалақысы 650 мың теңге, ал басшылардың айлығы 850-900 мың теңгеге жетеді.
«Менің айлығым сәл жоғары. Бір миллион теңгеден асады. Біздің жалақымыз министрлер деңгейінде. Жоғары буындағы басшылардың еңбекақысы бір миллионнан екі миллион теңгеге дейінгі аралықта. Менікі соның ортасы», – деді Сәтқалиев.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024