Астана. 26 қаңтар. 7kun.kz – «Самұрық-Қазына» қоры шетелдік топ-менеджерлерден арылуда. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынасы және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтты.
«Басқаруды директорлар 2 есеге қысқарды, қалған бес басқарушы директордың үшеуі ауысты. Бүгінгі таңда президенттік кадр резервінің 3 мүшесі басқарушы директор болып отыр. Сонымне қатар бір жылдың ішінде Қор тобындағы 12 ірі өндірістік компанияның 8-іне жаңа басшы тағайындалды. Олар: «ҚазМұнайГаз», «QazaqGaz», «Қазатомөнеркәсіп», «Самұрық-Энерго», «Қазпошта», «Qazaq Air», «Тау-Кен Самұрық», «Самұрық-Қазына Өндеу», – деді Ғибрат Ауғанбаев.
Оның айтуынша, өткен жылы «Самұрық-Қазына» тобындағы компаниялардағы 10 шетелдік басшының орнын жергілікті мамандар басты.
«Мәселен, тарихта алғаш рет «Qazaq Air» әуе компаниясының басшысы болып Еркін Наурызбаев тағайындалды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ты Жәнібек Тайжанов басқарса, «Air Astana» әуе компаниясының бортта қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті болып Елена Обухова қызметке кірісті. Директорлар кеңесі мен бақылау кеңестерінің құрамындағы шетелдіктердің саны да азайып келеді. Бір жыл ішінде 23-тен 14 адамға, яғни 40 пайызға қысқарды», – деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024