Алматы. 26 шілде. 7kun.kz – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 2019 жылғы І тоқсандағы таза табысы 128 миллиард теңгеге немесе өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 78%-ға өсті. Шоғырландырылған қаржылық есептілікке сәйкес ағымдағы жылдың І тоқсанында бір акционердің үлесіне таза кіріс 291 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы қордың жұртшылықпен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті хабарлады.
«Сатудан түскен табыс 2,533 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға жоғары. Ағымдағы жылдың үш айында операциялық пайда 276 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылдың І тоқсанындағы фактіден 47 млрд теңгеге немесе 20,5% жоғары», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, таза табыстың өсуінің негізгі факторлары шикі мұнай мен газды экспортқа өткізу көлемі мен бағасының өсуі, телекоммуникациялық қызметтер мен тазартылған алтыннан түскен кірістердің, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» тобының қауымдасқан және бірлескен кәсіпорындарынан түскен табыстардың өсуі болып табылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024