Экономика
Санжар Боқаев Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінен кетті
Санжар Боқаев Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды.
"Алматы қаласының әкімшілігінде жұмысымды аяқтаймын деп шештім. Бірінші кезекте үлкен мектеп пен алынған тәжірибе үшін Ахметжан Смағұлов Есімовқа алғыс айтқым келеді. Түсінігі мен қолдауы үшін Бауыржан Қыдырғалиевқа рахмет айтып, табыс пен сәттілік тілеймін. Бірге жұмыс істеген барлық әріптестерім мен қала тұрғындарына алғыс айтамын", - деп жазды ол.
С.Боқаев өткен жылдың қазанынан бері ішкі істер басқармасын басқарып келеді. Оған дейін қалалық жастар саясаты басқармасында қызмет атқарды.
33 жасар Санжар Боқаев - Колумбия университетінің түлегі, Ломоносов атындағы ММУ-ды және РФ Президенті жанындағы Ресейлік мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген. Саясат ғылымдарының докторы.
Түрлі жылдарда президент жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеу институтында жұмыс істеп, оқытушы болды. Алматыдағы "Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасының орынбасарының қызметін атқарды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024