Санжар Боқаевтың суретіне оқ қадап, көлігінің терезесіне жабыстырып кеткен
Қазақстан. 4 маусым. 7kun.kz – Белігісіз біреулер Namys партиясының жетекшісі, қоғам қайраткері Санжар Боқаевтың көлігіне әскери патрон қадалған фотосуретін қалдырып кеткен, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Кеше түнде біреу менің көлігіме менің фотосуретімді және ПМ (Макаров тапаншасының) 9 мм патронын қалдырды. Фотосуретте кеуде аймағында патрон шығып тұрған тесік болды. Мен 102-ге қоңырау шалдым. Мамандар келді. Содан кейін жедел-тергеу тобы патронның әскери екенін растады», –деді Боқаев.
Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
Айта кетейік, 5 сәуірде ол өзінің YouTube-каналында бейне жариялап, онда Әділет министрлігіне өзінің "Namys" партиясын тіркеуге құжаттарды тапсырғаннан кейін, артына аңдушылар түскенін айтты. Оның айтуынша, алдымен біреу домофонға қоңырау шалып, жасырынған. Содан кейін Бокаевтың пәтерінің жанында Glovo рюкзагымен белгісіз адам пайда болып, басын есікке қойып, тыңдап тұрған
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024