Сапарбаев: «Биыл көпбалалы отбасы мүшелері үшін 18 мың жұмыс орнын құрылады»
Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылы көпбалалы отбасылардың мүшелері үшін 18 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, оның ішінде 1400 жұмыс орны ашылды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.
«Кәсіпкерлердің көмегімен биылғы жылы 63 мыңға жуық жұмыс орнын ашқымыз келеді,оның 18 мыңы осы санаттағы отбасыларға арналады. Осы санаттағы отбасылар үшін 1 400 - ге жуық жұмыс орны ашылды», - деді министр Үкімет отырысында.
Сапарбаевтың хабарлауынша, биыл 12 мың пәтер беріледі.
«Біздің жоспарымызда 6 мың жалға берілетін пәтер және 6 мың отбасы банк қаражаты есебінен. Бұл 2019-2020 жылдарға арналған пәтерлер. Яғни таяудағы 7 жыл ішінде шамамен 40 мың пәтер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» қаражаты есебінен беріледі, жеңілдікті қарыздар есебінен 18 мың пәтер беріледі. Жалпы 54 мың пәтер беріледі. Олардың ішінде осы жылы 12 мың пәтер беріледі», - деді Бердібек Сапарбаев.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге кәсіпкерлерді белсенді тарту жоспарда бар.
«Форум барысында Мемлекет басшысы «5 әлеуметтік бастама» ірі кәсіпкерлерге осындай тапсырма берді. Бизнес әлеуметтік салада өз елінің дамуына қолдау көрсете алады деп ойлаймыз», - деді Сапарбаев.
Министр кәсіпкерлердің арасында бұл ұсыныс қолдау тапқанын атап өтті. 2018 жылы көпбалалы отбасыларға 3 млрд теңгеге көмек көрсетілген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024