Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында сақтандыру компанияларының табысы 133,2 млрд теңгені құрап, бір жыл ішінде 25,8%-ға артты. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде пайда керісінше төмендеді, деп хабарлады Ranking.
Сақтандыру компанияларының кірістері негізінен операциялық қызмет есебінен алынды. Ағымдағы жылдың төрт айында кірістің 83%-дан астамы сақтандыру қызметін жүзеге асырудан, инвестициялық қызметтен 16,4%-ы және өзге қызметтерден 0,5%-ы түсті.
Сақтандыру компанияларының таза табысы жыл ішінде 6,6%-ға азайып, 21,3 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде таза пайда 22,8 млрд теңгеге теңесіп, бүкіл тарихтағы ең жоғары көрсеткішке ие болды.
2019 жылдың 1 мамырындағы ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 1,11 трлн теңгені, сақтандыру сыйақылары - 166,77 млрд теңгені, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру шығындары - 45,67 млрд теңгені, меншікті капиталы - 502,18 млрд теңгені құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024