Бензин бағасы белгілі принциптер бойынша есептелуі тиіс. Бұл Астаналық сарапшы Ерлан Бадыханның пікірі. Оның айтуынша, АИ-92 бағасы 80-85 теңге болуы керек.
"Бензин бағасы (басқа тауарлар секілді) бірыңғай принцип бойынша қалыптастырылуы керек: шикізат бағасы + өңдеу бағасы + басқа да шығындар (салықтар, жалақы, тасымалдау және т.б). Осы құрамдас бөліктер баға ретінде қалыптасады. Егер осы есепті жүргізер болсақ, АИ-92 босату бағасы 80-85 теңгеге келеді", - дейді ол. Ең көп пайдаға арадағы делдалдар кенеледі. Яғни, Ресейден бензин сатып алушы трейдер немесе бензин өндіруші мен автокөлігіне жанармай толтыруға келген жүргізушінің арасындағы делдал. Зауыттар да белгілі бір көлемде пайда көреді. Себебі олардың бензиндерінің бағасы қалай болғанда да өсті. Яғни, тұтынушыдан өзге қатысушылардың барлығы үшін тиімді болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024