Алдағы уақытта әлемді экономиканы үлкен өзгерістер күтіп тұр. Соның ішінде, банктер жоғалып, мобильді байланыс тегін болады. Бұл пікірді РБК басылымына Yota-ның экс-бас директоры Анатолий Сморгонский білдірді.
Сарапшының айтуынш, соңғы жүз жылдықта біздің қаражатымызбен айналысқан мекемелер - банктер дәуірі өтеді. Ал, тегін мобильді байланыс Apple мен Google-дың арқасында жүзеге асады. "Жекелеген банктердің бизнесі ақшаны арзанырақ етіп көтерме бағамен алып, оны бөлшектеп сату, Ал, енді ол шаруалармен IT-компаниялар айналысқаны дұрыс", - дейді Сморгонский. "Google мен Apple-да миллиондаған тұтынушы бар. Яғни, сол қолданушылар туралы оларда мәлімет жетерлік. Google Chrome браузері пошта мен сұраныс тарихын сканерлей алады. Ал, Apple сіздің нені және қашан алғаныңыздан хабардар. Сонымен бірге, екі компанияда да онлай-дүкен бар. Яғни, екеуінде де тәуекелді модель мен сауатты скоринг жасауға мүмкіндік бар. Банктер жүзеге асыратын өнімдердің барлығын іске асыруға болады: несие беру, депозит тарту. Осының барлығын қазіргі заманға лайықтап жасауға болады. Смартфоныңыз арқылы әп-сәтте шаруаңызды бітіресіз", - деген пікір айтты экс-бас директор. "Қыркүйекте Apple АҚШ-та өзінің Apple Pay атты төлем жүйесін шығарды. Америкалық енді супермаркеттерде айфондары арқылы сауда жасай алады. ІТ-алыптарға виртуал карта шығаруға аз ғана қалды. Енді тек Visa және MasterСard-пен келісімге келу ғана қалды", - дейді сарапшы. Сморгонский осының барлығының желі байланысын тегін етеді дейді. "Себебі, банктер Apple-дің мүмкіншіліктерін баса алмайды. Сол себепті, өздерін сақтау қалу үшін тек телекоммен қауымдасуға барады", - дейді ол.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024