Алматы. 29 желтоқсан. 7kun.kz - Экономистер ұлттық валюта бағамының тұрақты болып қалатындығына сенімді емес деп хабарлайды КТК арнасы. Бірі келесі жылы үлкен қиындық болуы мүмкін десе, келесі топ экономикаға байланысты теңге де нығайып, доллар бағамы 280-ге дейін төмендеуі мүмкін деген пікірді айтады.
Арна мәліметінше, 2017 жыл қазіргі жылға қарағанда тұрақты болады, сондықтан валюта нарығына да тыныштық келуі мүмкін.
ОПЕК елдерінің келісімінен кейін ірі мұнай өндірушілер келесі жылдың қаңтарынан бастап қара алтын өндірісін қысқартуға келіскен еді. Сарапшылардың болжамынша, баррель бағасы 45 доллардан төмен түспейді. Бірақ кейбір экономистер бұл теңге бағамына айтарлықтай әсер ете қоймайды деген пікірде.
"Қазір рубльге, юаньға және долларға қатысты теңге бағамы біршама тұрақты болып отыр. Ол қатты төмендемейді, бірақ қатты нығайып кетуі де мүмкін емес", - дейді экономист Айдархан Құсайынов.
Бірақ "Қашаған" жобасының іске қосылуы, шикізат нарығындағы өсім, әріптес елдер экономикасының қалпына келуі ұлттық валютаның болашағына қатысты оң болжам айтуға мүмкіндік береді. Кейбір сарапшылардың пікірінше, 2017 жылдың алғашқы жартысында теңге айтарлықтай жоғарылап, доллар курсы 280-ге дейін төмендеп кетуі мүмкін.
"Біздің және ресейлік экономика бір-бірімен тығыз байланыста. Біздің болжамымызша рубльдің долларға қатысты бағамы 55-ке дейін төмендеуі мүмкін. Егер мұнай бағасы 62-65 деңгейіне дейін көтерілсе, теңге де 280 деген көрсеткішке жақындайды", - дейді "Фридом Финанс" АҚ сарапшысы Ерлан Әбдікаримов.
Курс тұрақтанған кезде, сарапшылар теңгеге назар аударуға шақырады. Яғни ұлттық валютадағы депозиттер мен казақстандық компаниялардың акцияларын сатып алуды көбейтуге болады. Бірақ 2017 жылы банк секторында таңғалдырарлық өзгерістер болуы ғажап емес. Қаржы институттары бірігіп, құнды қағаздар арқылы табысты көбейтуге мүмкіндік бар.
Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осы жылғы қаржылық күйзелістер келесі жылы қайталанбайды деп мәлімдеген еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024