«Сентрас Секьюритиз» талдау департаменті директорының орынбасары Маржан Ыбыраева сауда көлемі орташа деңгейден аспағанына қарамастан, нарықта долларға сұраныстың артып жатқандығын мәлімдеді.
"Бүгінгі таңда доллардың нығаюына негіз болатындай ешқандай себеп көріп тұрған жоқпыз. Тұтастай алғанда жаһандық нарықта доллардың негізгі валюталарға қатысты нығаюы ФРЖ (федералды резервті жүйе қор - АҚШ) пайыздық мөлшерлемені көтереді деген болжамға байланысты болады. Осы таңда теңге курсы жергілікті нарықта сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады", - дейді маман.
М. Ыбыраеваның айтуынша, валютаның сұранысы мен ұсынысына әсер ететін сыртқы факторлар ретінде мұнай бағасы мен нарықтағы өнеркәсіптік металдарының арзан бағамда саудаланып жатуын атауға болады. Сондай-ақ, Ресей рублі бағамының динамикасы және Қытайдың экономика мен қор нарығын қолдау үшін ұйымдастырылатын мемлекеттік шаралар туралы жаңалықтарының да әсері бар деп санайтындығын мәлімдеді. "Теңге курсы неагативті сыртқы факторлардың сақталуына байланысты әлсіреуін жалғастырады және осы жылдың соңына дейін доллар 260-270 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін", - деді ол.
"Мұнай бағасының арзандауы, рубльдің әлсіреуі және ФҚЖ-нің алдағы отырысында пайыздық мөлшерлеме деңгейін көтереді деген болжам ұлттық валюта бағамына кері әсерін тигізеді", — дейді сарапшылар. BCC Invest сарапшыларының ойынша, ФҚЖ-нің жоғары мөлшерлемелер қоюы және мұнай бағасының айтарлықтай төмендеуі әзірге бола қоймайды. Олар теңгеге қатысты доллар бағамын 250-260 мөлшерінде болуы мүмкін деп есептейді.
«Сәйкесінше, алдағы айларда теңге бағамы айтарлықтай әлсіремейді. Теңгеге қысым түсіруі мүмкін жалғыз фактор — Ресейдің саяси-экономикалық ахуалының нашарлауы», — деген болжамдарымен бөлісті сарапшылар.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024