
Сәтпаев. 22 қазан. 7kun.kz – 18 қазанда Сәтпаев қаласының тұрғынын өлтіруге оқталумен ұштасқан бұзақылық фактісінен кейін ІІМ-нің жедел-тергеу тобы арнайы жіберілді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Нәтижесінде аталған қылмысты жасады деген күдікпен 5 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жанжалдың себептері анықталып, қылмыс құралы тәркіленді.
Сондай-ақ қалада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның шеңберінде атыс қаруының иелері тексерілді. Қару сақтау шарттарын бұзған 23 жағдай анықталды.