Сауд Арабиясы сәуір айында Азияға экспортталатын мұнай бағасын сұраныстың артуына байланысты 3 жыл ішінде көтереді деп хабарлайды Saudi Aramco мемлекеттік компаниясы.
Азиядағы наурыз айының бағасы соңғы 14 жыл ішіндегі ең төменгісі болып белгіленген еді. Сауд Арабиясынан кейін Ирак, Кувейт және Иран да Азия үшін бағаны төмендетіп, нарық үлесі үшін бәсекеге түсті.
Ал енді Saudi Aramco АҚШ пен Еуропа үшін де кейбір сұрып түрлерінің бағасын көтермек. Arab Light мұнайы азиялық сатып алушылар үшін барреліне 1,4 долларға қымбаттайды. Осы арқылы, келесі айда бұл марканың бағасы Оман мен Дубайдан келетін мұнай бағасынан барреліне 0,9 доллар арзан болады деп хабарлайды Bloomberg агенттігі. Осыған дейін сарапшылар баға барреліне 1,1 долларға қымбаттайды деп мәлімдеген еді.
"Біз көтеріледі деп күттік және болжамымыз ойлаған диапазонның жоғары шекарасына сай келеді. Азия нырығы соңғы айларға қарағанда біршама тұрақтанды, осыған байланысты Aramco реттеуіші де өзгерді", - деп мәлімдеді JBC Energy GmbH бас сарапшысы Ойген Линделл.
Осы уақытта Солтүстік-Батыс Еуропадағы мемлекеттер үшін "жеңіл" мұнай барреліне 20 цент, американдық сатып алушылар үшін барреліне 1 доллар қымбат болмақ.
Сауд Арабиясындағы мұнай өндірісі ақпан айында тәулігіне 9,85 млн баррелге дейін өсті деп хабарлайды Bloomberg агенттігі мұнай компаниялары мен сарапшылар арасында жүргізген сауалнама нәтижесіне сілтеме жасап.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024