Сауд Арабия билігі Мекке қаласының маңындағы Мина алқабындағы апаттың салдарын анықтау үшін арнайы Жоғары комиссия құрды. Бұл туралы euronews.com хабарлайды.
Соңғы мәліметтер бойынша, 24 қыркүйекте ол жерде 717 адам қайтыс болып, 800-ден астамы жарақат алды. Қайғылы оқиғаға шайтанға тас лақтыру рәсімін өткізген кезде пайда болған кептеліс себеп болды. Сауд Арабия королі Сальман бен Абдель Азиз Аль Сауд қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты. "Біз қажетті органдардан қайғылы жағдайдың салдарын анықтап, алғашқы нәтижелерін жариялауды талап еттік", - деді ол. Ал зардап шеккендерге Сауд Арабиясы азаматтық қорғанысының 4 мың қызметкері мен жүздеген еріктілер көмек көрсетті. Корольдік тарихында ең апатты қажылық 1990 жылы болған еді. Осы жылы Мекке мен Минаны байланыстыратын жүргіншілер туннелінде 1 426 қажылық етушілер қайтыс болған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024