Алматы. 24 қазан. 7kun.kz - Қазақстанда сауда ойын-сауық орталықтарында дүкендерді жалға алу бағасы 0,1 арзандады деп хабарлайды finprom.kz сараптама агенттігі.
Дүкендерді жалға алу бағасы қыркүйекте тек Оңтүстік Қазақстан облысында 0,3%-ке өскені болмаса, Астана (тамыздан -0,3%), Алматы (-0,2%) және Маңғыстау облысында (-0,1%) бағаның төмендегені байқалады.
2016 жылы дүкендерді жалға алу бағасы 0,7%-ке, қыркүйекте 0,3%-ке қымбаттаған еді.
Сонымен қатар, сауда ойын-сауық орталықтарындағы дүкенді жалға алу бағасы 9 айдың ішінде Павлодар облысында 18%-ке көтерілген. Керісінше Алматыда 1,3%-ке, Астана қаласында 0,1%-ке арзандаған.
2017 жылы дүкендерді жалға алу сұранысы 0,1%-ке азайған. Мұндай көрсеткіш 2012 жылы тіркелген еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024