Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz — Сәуір айында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (AIX) биржасындағы сауда көлемі 22,6 млн долларды (8,6 млрд теңге) құрады, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының (KAP) жай акциялары бойынша сауда-саттық көлемі 792,2 млн теңге болды, барлығы 468 мәміле жасалды. Жаһандық депозитарлық қолхаттар бойынша (KAP.Y) айналым 211 мың долларды (80 млн теңге) құрады, 15 мәмілеге қол қойылды.
Polymetal International Plc (POLY) қарапайым акциялары бойынша 20,3 млн доллар сомасына 15 мәміле жасалды.
Бұдан басқа, өткен айда биржаның жаңа сауда мүшелері Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) және «Банк ЦентрКредит» АҚ болды. Сондай-ақ, ЕАДБ AIX Орталық депозитарийінің мүшелігіне кірді.
Айта кетейік, АХҚО-экономикаға инвестиция тарту мақсатында құрылған, Қазақстан астанасындағы ерекше салықтық, валюталық, визалық режимі бар аумақ. Орталық компанияларды тіркеуді 2018 жылдың қаңтарынан бастады.
АХҚО биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX платформасында бағалы қағаздармен сауда 2018 жылдың 14 қарашасында басталды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024