Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сәуір айында банктер 11 мыңнан аса ипотекалық қарызды қайта қаржыландырды

Сәуір айында банктер 11 мыңнан аса ипотекалық қарызды қайта қаржыландырды

15 сәуірдегі есеп бойынша Қазақстанның екінші деңгейлі банктері 11 мыңын аса ипотекалық қарызды қайта қаржыландырды. "Ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру" бағдарламасы аясында 14 155 өтініш мақұлданған. Ал банктерге түскен өтініштердің жалпы саны - 21 141н. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру мақсатында бөлінген 130 млрд теңге қаражаттың лимит қалдығы 73,6 млрд теңгені құрады.

Айта кетейік, ҚР Президентінің тапсырмасын іске асыру үшін ҚР Үкіметі және Ұлттық банк ипотека борышкерлерінің проблемаларын шешу мақсатында 2015 жылдың сәуір айында Ұлттық банк қаражатынан 130 млрд теңге бөлу туралы шешімді қабылдады. Ұлттық банк “Проблемалық кредиттер қоры” АҚ-ға қосымша қаржы бөлетін болды.

Похожие материалы