
2016 жылдың сәуір айында долларға қатысты теңгенің айырбас курсы 327,66 – 345,52 теңге деңгейінде болды. Айдың соңында биржадағы курс 327,66 теңгені құрап, 4,6%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері 3,6%-ға нығайды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, банктен хабарланғандай, сәуір айында Қазақстан қор биржасындағы доллар және теңгедегі биржалық операция көлемі наурызбен салыстырғанда 6,8%-ға төмендеп, 2,8 млрд долларды құрады.
Ал биржадан тыс нарықтағы қос валютадағы операция көлемі 7,5 млрд долларды құрады.