Астана. 26 мамыр. 7kun.kz - 2016 жылдың сәуір айында ұлттық валютадағы кредит 0,2%-ға өскен. Мұндай көрсеткіш 2015 жылдың қазан айынан бері алғаш рет тіркеліп отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов ҚР Парламент Сенатының отырысында мәлімдеді.
Оның сөзінше, шетел валютасындағы кредит саны қаңтар -сәуір айында 1,8%-ға төмендеген. Шетел валютасында кредиттеу көлемінің төмендеуі теңгеге қатысты айырбас бағамының нығаюымен және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғаларға шетел валютасында ипотекалық кредит беруге тыйым салынумен байланысты болып отыр.
«Екінші деңгейлі банктер бойынша берілген кредиттер көлемі 12,3 трл теңгені құрады», - деді Алпысбай Ахметов.
А.Ахметов сондай-ақ, ақша-кредит саясаты бойынша қабылданған шаралар банктердің кредиттік активтеріне әсер ететінін атап өтті. «Кредиттеуді жаңғырту мемлекеттің экономикалық белсенділігін арттыру, салық-бюджеттік саясат шараларын қабылдау арқылы жүзеге асырылады", - деді Ұлттық банк өкілі.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024