Ортсайлауком деректері бойынша бүгінгі күні сайлауға қатысушы алты саяси партияның сайлау қорларына 519 миллион 132 мың теңге түсті. Ортсайлаукомда болған брифинг барысында ҚР ОСК Басшысы Қ.Тұрғанқұлов БАҚ өкілдерін сайлау науқанының аталған кезеңінің жалпы қорытындыларымен таныстырды.
Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуымен, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізумен байланысты шығындары, сондай-ақ көлiк және iссапар шығыстары тек сайлау қорларының қаражатынан төленуі тиіс. Орталық сайлау комиссиясы 234 кандидатты қамтитын алты саяси партияның тізімін тіркеді. Олардың ішінде 187 немесе 79,9 %-ы ер адам және 47 немесе 20,1 %-ы әйел адам. 233 кандидаттың жоғары білімі бар. Әрбір төртіншісі – инженер, ал әрбір бесіншісі экономист немесе заңгер. 67 кандидат (28,6 %) беймемлекеттік меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, 47-сі (20,1 %) – V шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары. Тіркелген кандидаттардың орташа жасы – 52 жас, ал олардың ең жасы – 26 жаста. 19 ақпандағы таңғы сағ. 9.00-дегі жағдай бойынша жалпы республика бойынша 11 133 кандидат ұсынылды. Осылайша, орташа бәсекелестік 1 депутат мандатына 3-тен астам үміткерді құрады. Ұсынылған кандидаттардың 68,6 %-ы өзін-өзі ұсынғандар, ал қалған 31,4 %-ын саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынды. 1 617 адам облыстық мәслихаттарға, 126-сы астана мәслихатына, 165-і Алматы мәслихатына дауысқа түсуде. Аудандық мәслихатттарға - 7 085 кандидат, ал қалалық мәслихаттарға 2 140 кандидат ұсынылды. Кандидаттардың 75,1 %-ның жоғары білімі бар. Көпшілігі - мұғалімдер, инженерлер мен экономистер. Кандидаттардың орташа жасы – 43,6 жас. Соның ішінде жасы жағынан ең үлкен кандидат 89 жаста. Кандидаттарды тіркеу 23 ақпанға дейін созылады, ал 24 ақпаннан бастап мәслихаттар депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар үгіт жұмысына кірісе алады. Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 19 ақпан, партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі, сондай-ақ мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024