Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сбербанк 2019 жылдың I тоқсанында 16 млрд теңгеге кәсіпкерлерді қаржыландырды

Сбербанк 2019 жылдың I тоқсанында 16 млрд теңгеге кәсіпкерлерді қаржыландырды

Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz – Сбербанк Қазақстан 2019 жылдың 1 тоқсанында шағын және орта бизнес (ШОБ) өкілдерін қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында 16 млрд теңгеден асатын жалпы сомаға 409 кәсіпкерді қаржыландырды.

Банк негізінде азық-түлік өнімдерінің, автомобиль бөлшектерінің, фармацевтикалық дәрі-дәрімектердің өндірісі  сияқты өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы жобаларды қаржыландырды. Бұл қаражаттан өңдеуші өнеркәсіп саласын кредиттеу бағдарламасы аясында 4 млрд теңгеден асатын сомаға 126 заемшының жобасы қаржыландырылды.

«Сбербанк мемлекеттік қолдау бағдарламаларының зор мүмкіндіктерін пайдалана отырып жеке кәсіпкерлік бағдарларын нығайтуға мүдделі. Түрлі салаларды қаржыландыра отырып, біз дайын өнім шығару және қызмет көрсету салаларын кеңейту бойынша нақты жобалар жүзеге асырылатын ШОБ-ті дамытуға инвестициялаудың нәтижелерін бағалай аламыз. Нәтижесінде аталған шаралар аймақтар экономикасын нығайтуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға, еңбек өнімділігін көбейтуге оң әсерін тигізіп, халықтың әл-ауқатын арттыруда», - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов.

«Сбербанк» АҚ ЕБ «Бизнестік жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы  аясында кредиттеу көлемі бойынша қазақстандық екінші деңгейлі банктер арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. Осылайша, осы жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 526 млрд теңгеден асып түсті.

Сбербанк Қазақстан  қазақстандық кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына белсене қатысқаны үшін бірнеше жыл қатарынан «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының марапатына ие болды. 

Похожие материалы