Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сбербанк: Қазақстан теңге курсына 25% түзету жасау керек

Сбербанк: Қазақстан теңге курсына 25% түзету жасау керек

Қазақстандық теңге курсына кем дегенде 25%  түзету жасау керек. Бұл туралы Sberbank CIB-дің Sberbank Investment Research сараптамалық бөлімі хабарлайды.

"Біздің ойымызша, Кедендік Одақтағы басқа валюталарға жету үшін теңгеге тағы бір девальвация қажет. Болжамды түзету жасау деңгейі 25 пайыздан кем болмауы тиіс", -деп жазылған сараптамада.

Sberbank Investment Research сарапшыларының есептеуінше, түзетуді кері шегеру немесе жалтармақ болған жағдайда Қазақстанда алтын валюталы қорлардың төмендеуі басталады. Қазақстанның ұлттық валютасы болашақтағы ауытқудың алдын-алу үшін біршама иілгіш болуы қажет. Сарапшылардың атап өтуінше, 2014 жылғы девальвацияның әсері кетті, бірақ 2015 жылғы импорттың төмендеуіне ықпал етті.

Ресей, Украина және Белоруссияның экономикаларының аясында Қазақстан экономикасы болжам жасауға қиын деп бағаланады. Белгісіздіктің себебі - долларға шаққандағы теңге курсында. Бұл мұнай бағасының төмендеуіне байланысты жағдайдағы тұрақсыздықтың себебі болып табылады делінген хабарламада.

Похожие материалы