«Трансаэро» және оны сатып алушы несие берушілерге қарыздарын өтеудің бірнеше шарттарын ұсынды. Егер ұсыныс қабылданбаса, «Трансаэро» үшін банкрот кезеңі басталуы мүмкін деп мәлімдеді Сбербанк басшысы Герман Греф. Бұл туралы РБК хабарлады.
«Егер қыркүйек айының соңына дейін несие берушілер әуе компаниясының борыш құрылымын қайта қарау туралы шартына келісім белмесе, "Трансаэро" толық банкротқа ұшырайды », — деп мәлімдеді банк басшысы. Аэрофлотқа 75% кіріс алып келетін «Трансаэро» өз алдындағы жалпы 250 млрд рубль қарызы үшін шығынға батқан еді. Осы үшін Сбербанк «Аэрофлоттың» кеңесшісі болды. Еске салайық, 7 қыркүйектен бастап «Трансаэро» Ресейдің ең ірі әуе тасымалдаушысы "Аэрофлоттың" бақылауына өтті. Оның басты несие берушілері - Сбербанк және ВТБ банкі. Қаржы мекемелеріне «Трансаэро» 80-150 млрд рубль көлемінде қарыз. Ал «ВЭБ Лизинг» — әуе компанияға 55 млрд рубль көлемінде қарыз берген ең ірі лизингтік серіктес. Шығынға ұшыраудың алдында тұрған «Трансаэро» мемлекеттен көмек сұраған еді. 1 қыркүйекте бірінші вице-премьер Игор Шуваловтың жетекшілігімен әуе компанияның 75%-ын «Аэрофлот» мемлекеттік әуе компаниясына сату туралы шешім қабылданды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024