Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz — "Сбербанк" 2020 жылдың маусым айында SberX экожүйесіне кіретін компаниялардың бір бөлігіне ребрендингті бастайды.
Ребрендинг нәтижесінде компаниялар жаңа логотипке, жалпы түс пен "Сбер" сөз алды қосымшасына ие болады.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, фирмалық стильді жаңарту кем дегенде 300 миллион долларды құрайды.
Айт кетейік, жаңа брендингте жасыл түстен көкке көлденең градиент пайдаланылады. Сондай-ақ, экожүйенің кейбір қатысушыларында "Сбер" қосымшасы пайда болады. Бұл ретте, танымал бренді бар немесе "Сбербанк" таңдауы түспейтін компанияларға сөз алды қосымшасы жалғанбайды.
2019 жылғы тамызда "Сбербанктің" болашақ логотипінің бір нұсқасы жарияланды — градиенті бар шаршы: солдан оңға қарай ашық-жасыл түстен қара-жасыл түске дейін, ал төменнен жоғарыға жасыл түстен көкке дейін. Бұл жағдайда белгінің оң жағында экожүйелік компаниялардың атауы бар «Сбер» жазылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024