Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанда Сбербанк клиенттері «Еркін Мейірімділік Қоғамы» Қоғамдық Қорына 9,8 миллион теңге жинап берді. Бұл ақша банк клиенттерінен ерікті қайырымылық жәрдемақыларын қолма-қол ақшасыз жинау каналдары арқылы алынды.
Төлем терминалдары немесе электронды кассалар арқылы операция жасай отырып, банк клиенттері өз қалауымен «ЕМҚ» қорының шотына қалған соманы аударып отырды. Сондай-ақ, олар «Сбербанк Онлайн» мобильді қосымшасындағы «Қайырымдылық» бөлімі арқылы біржолғы аударымдар жасап отырды. Жиналған ақша қаражаты «Балаларға Өмір сыйла» жобасы аясында ауыр науқас балалардың еміне аударылды.
Қоғам қайраткері және «Еркін Мейірімділік Қоғамы» ҚҚ-ң жетекшісі Аружан Саин өзінің Facebook-тегі парақшасында науқас балалардың еміне өз үлесін қосқан Сбербанк клиенттеріне алғысын білдірді.
Сбербанк «Еркін Мейірімділік Қоғамы» Қоғамдық Қорымен 2016 жылдан бастап ынтымақтастық орнатып, үш жыл бойы балалар еміне ақша бөліп келеді, Өткен жылы қаржы институты «Балаларға Өмір сыйла» жобасы аясында төрт баланың емінің ақысын төлеп берді.
«Сбербанк әрқашан қоғамның қорғалмаған тобына және ауыр науқас балаларға қолдау көрсетуге бағытталған жобаларға үлкен назар аударып келеді. Қымбат емге мұқтаж балаларға үлкен қаржылық көмек көрсеткен клиенттерімізге алғыс білдіреміз», - деп айтып өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов.
Бүгінгі таңда, Сбербанк бүкіл Қазақстан бойынша 50-ден аса ұйымдарға көмек көрсетеді. Олардың қатарына балалар үйлері, жетімдер үйлері, интернаттар үшін мектептер, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемелер, сауықтыру және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары және өзге де қоғамдық ұйымдар кіреді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024