Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz – Сбербанк Орталық және Шығыс Еуропаның бөлшек сауда банктері арасында Global Finance журналының халықаралық сыйлығының "Ең инновациялық банк" марапатына ие болды.
"Ең инновациялық банк" номинациясында қаржылық ұйымдардың клиенттерге қызмет көрсетуде алдыңғы қатарлы технологиялар мен жаңа тәсілдемелерді қаншалықты белсенді пайдаланатыны бағаланды.Сонымен қатар, Сбербанк цифрлық салада ең иновациялық және тиімді коммуникациялық жобалары бар банктер атап өтілген "Үздік цифрлық маркетинг" (Best in Social Media Marketing & Services) номинациясында жеңімпаз деп танылды.
Сондай-ақ, Сбербанк осымен төртінші рет "Үздік СМС-банк" категориясында біріншілікке ие болды. Бұл номинацияда банктік мәтіндік хабарламалар қызметінің функционалдылығы мен қолайлығына назар аударылады.
Global Finance өз талдауында сандық факторларды да, субъективтік критерийлерді де назарға алды. Объективті криетрийлер қатарында - цифрлық ортада клиенттерді тарту және оларға қызмет көрсету стратегиясы, қолданушылар базасының артуы, цифрлық өнімдердің функционалдылығы, сондай-ақ бизнестің және инновациялық қызметтердң жаңа бағыттарын дамыту. Субъективтік критерийлерге талдаушылардың, банктік кеңесшілердің және өзге де халықаралық деңгейдегі сала мамандарының пікірлері кіреді. Global Finance сыйлығының жеңімпаздары Африка, Азиа-Тынық мұхиты аймағы, Орталық және Шығыс Еуропа, Латын Америкасы, Таяу Шығыс, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропаның 150-ден астам мемлекеттерінің қаржылық ұйымдары арасынан таңдалып алынады.
Бұдан бұрын Сбербанктің цифрлық корпоративтік банкингі Global Finance журналының дерегі бойынша Ресейде ең үздік деп танылды. Сонымен қатар, Сбербанк корпоративтік банкингі Орталық және Шығыс Еуропа бойынша тағы да үш номинацияда жеңіске жетті. Олар: "Үздік цифрлық қызметтер", "Үздік интернет-сайт", "Ең инновациялық цифрлық банк" номинациялары.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024