Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – Сбербанк «Даму» АҚ-мен бірлесіп «Петропак» ЖШС-нің Петропавл қаласында пластикалық бұйымдар мен полиэтилен пленка өндіру бойынша жобасын қаржыландырады.
Қаржыландыру мақсаты - өндіріс үшін шикізат сатып алу үшін айналым қаражатын толықтыру.
«Отандық тауар өндірушілерді қаржыландыру Сбербанктің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осындай кәсіпорындардың табысты дамуы біздің облыстың экономикасы мен бүкіл ел үшін өте маңызды. Сондықтан біз отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуда маңызды рөл атқаратын осындай жобаларды қолдауға тырысамыз», - деп атап өтті Петропавлдағы «Сбербанк» АҚ ЕБ филиалының директоры Петр Салохин.
Жеке кәсіпкер Сергей Жуков өзінің қызметін 2007 жылы бастаған. Соңғы 12 жылда кәсіпкер біртіндеп өнім түрлерін кеңейтті. Қазіргі уақытта, полиэтиленді пленкалардың бірнеше түрінен басқа, «Петропак» ЖШС түрлі пластмасса өнімдерін (пластикалық бөтелкелер, пластиктен антисплаз маталар және т.б.) өндіреді. Компания өз өнімдерін ішкі нарықтан бөлек, Ресейдің жақын аймақтарына да жеткізеді.
«Өндірістің көлемін ұлғайту шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу бағдарламасы бойынша жеңілдікті қаржыландыру арқылы жүзеге асырылды. «Даму» қорында мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық кеңес алғаннан кейін біз айналымдағы капиталды толықтыру үшін қажетті соманы мақұлдаған Сбербанкке жүгіндік», - дейді «Петропак» ЖШС басшысы Сергей Жуков.
Жобаны жеңілдетілген қаржыландыру «Даму Өндіріс» өңдеу өнеркәсібі саласында шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024