Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сбербанк пен Visa жаңа карта шығарды

Сбербанк пен Visa жаңа карта шығарды
Алматы. 15 қазан. 7kun.kz - Сбербанк Visa  компаниясымен серіктестікте бірегей дизайндағы және 1,3% Cashback бар  «Gold» деңгейіндегі «ALL IN» дебеттік карталарының жаңа сериясын шығарды деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.  Банктің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жаңа картаны қолданғанда келесілер үшін комиссия алынбайды:
  • жылдық қызмет көрсету;
  • түгел қызмет көрсету мерзімі үшін;
  • Қазақстанның кез-келген банкоматынан айына 500 000 теңгеге дейін қолма-қол ақша алған жағдайда
  • Ресей аумағындағы кез-келген Сбербанк банкоматынан айына 50 000 АҚШ долларына (баламада) дейін ақша қаражатын алған жағдайда;
  • қызмет көрсетудің барлық мерзіміне SMS-банкинг үшін;
  • Қазақстанда желі ішінде «Сбербанк Онлайн» интернет-банкинг жүйесінде аударым жасаған кезде.
Төлем картасымен сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарында төлем картасымен төлеген кезде, сондай-ақ, ғаламтор дүкендерінде онымен есеп айырысқан кезде ай қорытындысы бойынша сатып алу сомасының 1,3% мөлшерінде Cashback ақша қаражаты түрінде картаға қайтарылады. Бұл ретте есептелінетін Cashback-тың ең жоғары сомасы шектелмеген. Жаңа картаның дизайны Қазақстанның бірегей ландшафты стиліне негізделген. «Ұшы-қиыры жоқ көк аспан, биік тау шыңдары, еркін ұшып келе жатқан бүркіт және шексіз де шетсіз кең дала - Сбербанк жаңа картасының шексіз мүмкіндіктерін білдіреді. Бұл өз ақшаңызға тек ұқыпты қарауға ғана емес, сондай-ақ  ұсталынған ақшаның бір  бөлігін қайтару арқылы тиімді түрде үнемдеуге мүмкіндік беретін өте ыңғайлы өнім. Сондай-ақ, Cashback шектеусіз: карта иегері көбірек ақша ұстаған сайын ай соңында карточкалық шотқа көбірек ақша қайтарылады»,- деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары Алексей Акимов  

Похожие материалы