Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

SCAT 2019 жылы Прагаға және Ұланбатырға рейс ашады

SCAT 2019 жылы Прагаға және Ұланбатырға рейс ашады

Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстандық SCAT авиакомпаниясы 2019 жылы Астанадан Прага мен Ұланбатыр қалаларына рейстер қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"2018 жылы авиакомпания Астана - Вильнюс рейсін ашып, еуропалық нарықты игеруге кірісті, 2019 жылы Қазақстан астанасын Чехия астанасымен байланыстыру және шығыс бағытта позицияларды нығайту - Астана - Ұланбатыр (Моңғолия) рейсін ашу жоспарлануда" , - деді компания өкілдері. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, авиатасымалдау нарығындағы 21 жыл ішінде авиакомпания 55 ішкі және 26 халықаралық бағыттан тұратын маршруттық желі құрды. SCAT - Қазақстанның ірі авиатасымалдаушыларының бірі. Бүгінгі таңда әуе компаниясының әуе кемелері паркі АҚШ пен Канадада өндірілген 21 борттан тұрады: Bombardier CRJ-200, Boeing 737-300/500/700-NG, Boeing 757-200 және Boeing 767-300, Boeing-737 MAX 8.

Похожие материалы