SCAT әуе компаниясы әлеуметтік маңызы бар бағыттар үшін тарифті төмендетті
SCAT әуе компаниясы әлеуметтік маңызы бар Алматы-Петропавл, Алматы-Көкшетау және Ақтау-Көкшетау бағыттары бойынша тарифті төмендетті, деп хабарлайды kapital.kz.
Енді Алматы-Петропавл бағыты бойынша билет құны 18 500 теңгені құрайды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 35%-ға төмен. Рейс күндері - бейсенбі және сенбі. Ұшу уақыты - 2 сағат.
Ал Алматы-Көкшетау рейсі бойынша жолаушылар билетті 17 000 теңгеге сатып ала алады. Билет құны 2015 жылғы бағадан 7000 теңгеге арзандаған. Алматы қаласынан Көкшетауға ұшу аптаның сейсенбі мен сенбі күндері жүзеге асырылады. Көкшетаудан Алматыға сәрсенбі және жексенбі күндері келуге болады.
Сондай-ақ, билет бағасы Ақтау-Көкшетау бағыттары бойынша 32%-ға төмендеп, 17 000 теңге болды. Рейс аптасына екі рет орындалады. Ақтаудан Көкшетауға ұшу сәрсенбі, жексенбі күндері болса, Көкшетаудан Ақтауға бару сейсенбі, сенбі күндері жүзеге асырылады. Ұшу уақыты - 2,5 сағат.
Фото: vk.com
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024