Астана. 14 қараша. 7kun.kz – Қазақстанда сейсенбіде сайлауалды сауалнама нәтижелерін жариялау мерзімі аяқталады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«Сауал салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді БАҚ-та жариялауға дауыс беру күніне дейін 5 күн ішінде және дауыс беру күні жол берілмейді. Осылайша, ағымдағы сайлау науқаны жағдайында БАҚ сауал салу нәтижелерін а.ж. 15 қарашаға дейін жариялай алады», – делінген хабарламада.
Хабарланғандай, сайлау күні сайлау учаскелерінен шыққанда жүзеге асырылған қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін БАҚ-та жариялау дауыс беру күнінен кейін рұқсат етіледі.
«Конституциялық Заңның көрсетілген талаптарын сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының тиісті бөліктері бойынша жауаптылыққа әкеп соғады», – деп хабарлады Бас прокуратурада.
Қазірдің өзінде жеке тұлғалар жүргізген сауал салумен байланысты мұндай бұзушылықтардың 2 фактісі орын алды. Оларға әкімшілік айыппұл салынды.
Еске салайық, кезекткен тыс Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024