Алматы. 23 шілде. 7kun.kz - Бүгін таңертең қалалық мәслихатта Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қалада төтенше жағдай режимі жарияланғанын мәлім етті.
«Бұл сел тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында жасалып отыр. Төтенше жағдай аясында 2 млрд. теңге бөлінді», - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
«Бүгін таңертеңгі сағат 06:20-да оқиға болған аймақты тікұшақпен аралау барысында 3500 метр биіктікте мұздықтар мен мореналық көлдер басталатын тұста ауа температурасы 11 градус болды. Сол көлдердің бірінің табаны бұзылып, суы бөгетке қарай аққан. Қарғалы өзеніндегі бөгет жартысына дейін суға толды. Қазір ешқандай қауіп жоқ. Оперативтік штаб жұмыс істеп жатыр. Келтірілген шығынның көлемі есептелуде. Төтенше жағдай жарияланған жағдайда зардап шеккендерге қажетті сома бөлінеді», - деді А.Есімов.
Әкімдіктегілердің мәлімдеуінше, әкімнің тапсырмасымен зардап шеккендер уақытша баспанамен, азық-түлікпен, сумен және медициналық көмекпен қамтылды.
Айта кетелік, Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзеніндегі су тасқынының көбеюі туралы ақпарат 03.00-те келіп түскен. Алматының Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандары сел салдарынан зардап шекті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024