IT, Технология
Сенат депутаттарын сайлау кезінде ОСК сайтына хакерлік шабуыл жасалды
Алматы. 19 маусым. 7kun.kz - ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау кезінде сайлаушыларды онлайн тіркеу мен сайлау нәтижесін беру барысында еліміздің Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына хакерлік шабуыл жасалды. Бұл жайында бүгін Орталық сайлау комиссиясы РМК директоры Ерлан Қосмұратов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау барысында пайдаланылған сайлаушыларды электронды тіркеу ақпараттық бағдарламасында техникалық іркілістер және аумақтық сайлау комиссиялары тарабынан ескертпелер түскен жоқ», - деді Ерлан Қосмұратов. Оның айтуынша, еліміздің Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына ағымдағы жылдың 21-28 маусымы аралығында қызығушылық өте жоғары болды және сайт 287199 рет қаралды. «Дегенмен, 28 маусым күні сағат 13-13-те ҚР ОСК интернет ресурсына кибершабуыл жасау және оның мәліметтерін базасына санкцияланған кіру үшін әлсіз тұсын іздеу орын алғандығы белгілі болды», - деді ол. Осы ретте ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев кибершабуыл жасауға тырысқан адамдарды жазалау қажеттігін атап өтті. «Кеше біздің сайтымызға хакерлік шабуыл орын алды. Бұл тұрғыда бізде баяндама да бар. Сіздер техник ретінде дұрыс қадам жасап, ақпараттандыру саласындағы өкілетті органға жүгіндіңіздер. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Мұны кім жасауға тырысқандарды анықтау мақсатында қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына құжат дайындап, шұғыл жіберу қажет», - деді Берік Имашев. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/senat-deputattaryn-saylau-kezinde-osk-saytyna-hakerlik-shabuyl-zhasaldy_a3040701Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024