ҚР Парламентінің Сенаты денсаулық сақтау мәселесі бойынша заңға өзгерістер енгізді. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өзгерстердің негізгі мақсаты - халықаралық стандарттарға сәйкестендіре отырып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
"Заң жобасын дайындау кезінде халықаралық тәжірибе кеңінен қолданылды. Клиникалық зерттеулерді құқықтық реттеу жағынан денсаулық сақтау жүйесін нығайту жөніндегі Таллин хартиясы, жұқпалы емес аурулар және салауатты өмір салтын сақтау жөніндегі Мәскеу декларациясы, БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Бас Ассамблеясы, емдік препараттар бойынша Еуропарламенттің директивасы мен ЕО Кеңесінің қосымшалары пайдаланылды", -делінген хабарламада.
Айта кетейік, ҚР-ның заң жобасына енгізген өзгерістер фармацевтикалық сектордағы, дене мүшелерін алмастыру, медициналық мақсаттағы өнімдер және медициналық техниканы құқықтық реттеу жүйесін нығайту, телемедициналық қызмет көрсету, ұлттық медицинаның, азаматтарға медииналық қызмет көрсету деңгейін көтеру, денсаулық сақтау саласындағы қолжетімділік пен бәсекелестік деген мәселелердегі сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024