Нұр-Сұлтан. 21 маусым. 7kun.kz – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы белгілі қазақстандық журналист Нартай Аралбайұлына берген сұқбатында, Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың Қазақстан тарапына айтқан сөздеріне жауап қайтарды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Депутат Шешенстан басшысының сөздерін бос сандырақ, деді.
«Менің ойымша, Қадыров – қадірі кеткен адамдардың бірі. Ол тікелей Путиннің немесе Ресей Федерациясының ақшасына ұстап отырған азаматтардың бірі. Оның беделі, оның ұстанымы… Оның жаулары өте көп. Мен бұны Қадыровтың сандырағы деп түсінемін. ҰҚШҰ-ны шақырған кезде асығыс жасадық», – Мұрат Бақтиярұлы.
Оның айтуынша, қаңтар оқиғасында Қазақстан ҰҚШҰ-ның көмегінсіз-ақ, жағдайды қалыпқа келтіруге шамасы жетті.
«Өйткені, Қазақстан өз күшімен осы мәселенің бәрін реттеуге болатын еді. Осы үйымсыз-ақ осы мәселені шешетін едік. Ұйым тек қана стратегиялық объектілерге көмегі тиді. 9 күннің ішінде шығып кетті. Олар оқ та атқан жоқ. Оның Қазақстанның басуына үлкен ықпалы болды деп… саясаткер ретінде, парламент мүшесі ретінде айта алмаймын», – деді депутат.
Депуттатың айтуынша, саяси өмірде бұндай оғаш пікірлер қалыпты құбылыс.
«Қадыровтың сандырақ сөзі. Қадыров талай әңгіме айтып жүр. Көптеген саясаткерлерге байланысты, басқаға байланысты… Сондай бір саясаткерлер болады өзі. Жириновский марқұм кетті… ол да бір әр нәрсені айтып кетті», – деді сенатор.
Айта кетейік, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдерге видео үндеу жолдаған еді. Онда ол қаңтар оқиғасы кезінде Ресей Қазақстанды құтқарды деп мәлімдеген болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024