Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды
Мәжіліс«Топырақты қорғау туралы» депутаттық заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттың негізгі мақсаты - бірыңғай заңнамалық акт аясында топырақты басқару, оны қорғау, құнарлылығын сақтау мен арттыру, сондай-ақ жерлердің тозуының алдын алу үшін тұтас құқықтық негіз қалыптастыру.

Бұл ретте құжат жерді алып қою мәселелерін реттемейді, бірақ олардың сапасын сақтауға және одан әрі нашарлауына жол бермеуге бағытталған бірқатар талаптарды енгізеді. Атап айтқанда, заң жобасы «топырақ» ұғымының өзін нақтылап, оны кеңірек «жер» ұғымынан бөліп көрсетеді.

Аталған заң жобасының авторы ҚР Сенаты депутаты Зәкіржан Кузиев жеке заң қабылдау үшін көп жұмыс істелгенін айтады. Сала ұзақ зерттелді. Сосын үкімет мүшелеріне сауал жолданып, оны салалық министрлікпен бірге талқылап, бүгінгідей нәтижеге жеттік, дейді. 
“Бүгін мен тек аграрлық сала үшін ғана емес, бүкіл еліміздің болашағы үшін аса маңызды қадам жасалды деп санаймын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі бірінші оқылымда менің бастамаммен сенатор Жанболат Жөргенбаев және Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп әзірленген «Топырақты қорғау туралы» заң жобасын қолдады.Бұл мен үшін бір реттік бастама немесе жағдайға байланысты қабылданған шешім емес. Бұл — соңғы бірнеше жыл бойы жүргізіп келе жатқан жүйелі әрі дәйекті жұмысымның нәтижесі. Осы уақыт ішінде мен жердің тозуы, топырақ құнарлылығының төмендеуі және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіптер мәселесін тұрақты түрде көтеріп келемін”,- дейді сенатор Кузиев 

2025 жылы мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің атына депутаттық сауал жолданды. Сол кезде мен мәселені ашық айттым. Жердің деградациясы елемеуге болмайтын деңгейге жетті. Үкімет бұл мәселелердің өзектілігін растап, жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін қолдады. Бүгінде біз талқылаудан нақты іске көшіп отырмыз, деді депутат. 
“Неліктен бұл заң маңызды? Топырақ — жай ғана табиғи ресурс емес. Ол ауыл шаруашылығының, азық-түлік тәуелсіздігінің және экономиканың тұрақтылығының негізі. Бұл еліміздің болашағы қаланатын іргетас. Мамандардың бағалауынша, Қазақстан аумағының 75%-ға жуығы әртүрлі деңгейде деградацияға ұшыраған: эрозия, тұздану, құнарсыздану. Бұл жекелеген шаралармен шектелмей, толыққанды мемлекеттік саясатты талап ететін дабыл белгісі”, - деген пікірде Зәкіржан Кузиев. 

Ұсынылған заң жобасы дәл осындай жүйелі негізді қалыптастыруға бағытталған. 
Заң жобасында:
— топырақ жағдайының кешенді әрі тұрақты мониторингін енгізу;
— жер пайдаланушыларға нақты әрі міндетті талаптар белгілеу;
— мемлекеттік бақылауды күшейту;
— жердің тозуына жол бергені үшін жауапкершілікті арттыру;
— эрозияның, тұзданудың және топырақтың құнарсыздануының алдын алу шараларын жүзеге асыру;
— ғылымның, агрохимиялық зерттеулер мен болжам жасаудың рөлін күшейту қарастырылған.
“Маңыздысы  сол, бұл тек экология мәселесі емес.Бұл — ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Бұл — экономиканың тұрақтылығы.Бұл — келер ұрпақтың болашағы.Егер біз бүгін топырақ құнарлылығын сақтай алмасақ, ертең әлдеқайда күрделі салдарларға тап боламыз: өнімділіктің төмендеуі, импортқа тәуелділіктің артуы, өмір сапасының нашарлауы. Мен мемлекет өзінің стратегиялық ресурстарын қорғауға міндетті деп есептеймін. Ал жер сол ресурстардың ең бастысы.Бұл заң жобасы мен үшін жеке жауапкершілік және бұрын басталған жұмыстың жалғасы. Мен оны соңына дейін жеткізіп, тиімді заңның қабылданып, нақты жүзеге асырылуына күш саламын.Алда әлі талқылау, пысықтау және екінші оқылым бар. Бірақ қазірдің өзінде біз жер пайдалану саласында жаңа, жауапты мемлекеттік саясат қалыптастыру жолында маңызды қадам жасадық деп айтуға болады”– деп ойын түйіндеді сенатор Кузиев.

Ұқсас материалдар